Алматыда зираттағы жер сатыла ма?

1 Қараша 2023, 14:25
759
Бөлісу:
Алматыда зираттағы жер сатыла ма?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Алматылықтар зират қызметкерлерінің жақсы орындарды қомақты қаржыға сатып жатқанын айтып шағымданып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалада зираттарды сату әлі жалғасып жатыр. Зират қызметкерлері жақсы орындарды қомақты қаржыға ұсынады. Бейнебір өздерінің жері секілді. Ал біз қаланың жоғарғы бөлігінде тұрғандықтан, өзімізге жақын маңайды іздейміз. Қызметкерлерлер «қаламасаңдар, төмен жаққа барыңдар» деп мінез көрсетеді. Бұған дейін де осы мәселе даулы болған еді. Қызметкерлер өз дегендеріне қайта басыпты, – дейді Кирилл Лысенков есімді қала тұрғыны.

Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасында қала зираттарындағы алымдарға қатысты жағдай туралы түсініктеме берді. 

Жер кодексіне сәйкес, зираттар орналасқан және оларға арналған жалпы пайдаланымдағы жерлерден елді мекеннің әрбір қайтыс болған тұрғынына немесе осы елді мекенде қайтыс болған белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесі тегін бөлінеді. Қазақстанның кез келген азаматы қайтыс болған жағдайда, мемлекет жерлеуге жер учаскесін беру құқығына кепілдік береді. Жерлеуге жер бөлу үшін өлім фактісін тіркейтін органдар берген өлімді медициналық куәландыру негіз болып табылады. Бүгінгі таңда Алматыда жұмыс істеп тұрған 9 зират бар, оның ішінде "Кеңсай-2", "Батыс" ("Бурундай") зираттары бар, онда жерлеу үшін бос жер учаскелері бар. Алым фактілері бойынша «СКРУ» ЖШС басшылығы жосықсыз қызметкерлерге қатысты түбегейлі шаралар қабылдауда, сондай-ақ кейбір қызметкерлер бұрын аталған фактілер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Ведомство ақшалай қаражатты бопсалау фактісі болған жағдайда алматылықтар құқық қорғау органдарына немесе «СКРУ» ЖШС әкімшілігіне келесі телефон нөмірлері бойынша жүгінуге құқылы екенін атап өтті:

8 (727) 397-57-76, Алматыдағы "СКРУ" ЖШС қабылдау бөлмесі,
8 (727) 390-76-87, Алматыдағы "СКРУ" ЖШС инженерлік бөлімі.

Өзгелердің жаңалығы