Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі жылу беру маусымын 2021 жылдың 13 сәуірінен бастап тоқтату туралы шешім қабылдады.
Алматы жылу жүйесі ЖШС-і қалада күннің жылынуы себепті жылу беруді тоқтатқандарын мәлімдеді.
Алматыда ауа температурасы +8 градустан жоғары болуда, гидрометеорологиялық қызметтің болжамынша алдағы бес күнде ауа температурасы жоғары болады. Осыған байланысты қала әкімдігі жылу беру маусымын 13 сәуірден бастап тоқтату шешімін шығарды, - делінген хабарламада.
Жылумен қамтамасыз ету қызметінің ережесіне сәйкес жылу энергиясын өлшейтін құрылғымен қамтылмаған үйлердің төленген ақшасы қайта есептеліп, артық қаражат бірінші шілдеге дейін қайтарылады.