Алматыда жыл басынан бері 496 өрт тіркелді

6 Қараша 2023, 14:34
644
Бөлісу:
Алматыда жыл басынан бері 496 өрт тіркелді
Фото: Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жылыту маусымында 153 мыңнан астам жекеменшік үй есепке алынды, оның 2 527-сі қатты отынмен жылытылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов атап өтті.

2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңінде өртті азайту және адам өліміне жол бермеу бойынша пәрменді шаралар қабылдау мақсатында департамент осы бағытта ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Департамент 153 068 жеке тұрғын үйді есепке алды. Оның 2 527-сі қатты отынмен жылытылады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 903 отбасы анықталды, – деді Данияр Жүсіпов. 

Мамандардың айтуынша, өрттің негізгі шығу себептері - электр сымдары мен электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы, пештердің дұрыс жұмыс істемеуі.

Осы жылы Алматы қаласының аумағында барлығы 496 өрт тіркелді. Өрттің көпшілігі тұрғын үй секторынан шығады. Бүгінде 242 жағдай тіркелген. Бүгінде біздің басқарма өрт оқиғасын болдырмау үшін «Көмек қолы» акциясын өткізеді. Оның аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының 13 отбасына атаулы көмек көрсетілді. Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері пештердің мұржаларын тазартуға, жарықтарды жабуға, түтін арналары өтетін жерлерде қабырғаларды әктеуге көмектеседі, – дейді Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов.

Өзгелердің жаңалығы