Алматыда полиция жолаушыларды метроға кіргізбеді: Себебі белгілі болды

5 Қараша 2026, 10:52
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина 5 Қараша 2026, 10:52
5 Қараша 2026, 10:52
107
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Алматыдағы «Райымбек батыр» метро станциясында полиция жолаушылардан пойыздан түсіп, әрі қарай автобуспен жүруін сұраған. Бұған станцияда жарылғыш зат бар деген хабар себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, оқиғаға байланысты метро жұмысы уақытша шектелген.

Жолаушыларға станциядан шығып, автобуспен жетуге мәжбүр болған.

Бұл жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінен ресми жауап алдық. Ведомство мәліметінше, метро қызметкерлеріне бір әйел жарылғыш құрылғы бар екенін айтып, хабарласқан. Ол бірден ұсталды.

Оқиға орнында тиісті мамандар тексеру жүргізген. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар мен күдік тудыратын заттар табылмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Қазір тексеру жүріп жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Полицияның хабарлауынша, метро қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.

Еске салсақ, осыған ұқсас жағдай кеше елордада да болды. Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің аумағы қараусыз қалған сөмкенің табылуына байланысты қоршауға алынып, адамдар шұғыл сыртқа шығарылды.

Тағы оқи отырыңыз: Астанадағы «ЦОН-нан» табылған сөмкеге қатысты полиция түсініктеме берді 

Наверх