Алматыда жер сілкінісі қайта сезілді

23 Қаңтар 2024, 01:23
4192
Бөлісу:
Алматыда жер сілкінісі қайта сезілді
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматыда 23 қаңтар күні 00.44, 00.55 шамасында жер сілкінісі қайта сезілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қайталанған жер сілкінісінің қуаты – шамамен 2 балл.

Бұл туралы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментті мәлімдеді. 

ТЖМ «ННЦСН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 42 мин 32 сек (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 42 мин 32 сек) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 251 км жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.7. MPV магнитудасы 5.5. Эпицентрдің координаттары 41.32° С. Е. 78.61° ш. б. Тереңдігі 5 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл, - дейді Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментті.

- ТЖД жергілікті атқарушы органдарға, Полиция басқармасына, Казселезащитаға, Прокуратураға және өзге де ұйымдарды хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін хабарлады. Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салады:
- - ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
- - егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
- - ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- - ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
- - үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
- - лифттерді пайдаланбаңыз;
- - сіріңке, шам жақпаңыз:
- - сымдарды ұстамаңыз;
- - зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

Өзгелердің жаңалығы