Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

29 Маусым 2023, 05:44
463
Бөлісу:
Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді
Фото: olympic.kz

1-2 шілде аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосанов мемориалы халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы BAQ.KZ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы орталық стадионында өтетін жарыстар әлемдік жеңіл атлетика қауымдастығының элиталы сериясына (қола мәртебесі) кіреді.

Биыл турнирге Қазақстан, Қытай, Үндістан, Таиланд, Иран, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Армения, Әзербайжан және Грузия спортшылары қатысады.

Стадионға кіру тегін.

Өзгелердің жаңалығы