Алматыда жедел жәрдемнің қызмет сапасын арттыру мәселесі қаралды

24 Қазан 2019, 22:33
1460
Бөлісу:
Алматыда жедел жәрдемнің қызмет сапасын арттыру мәселесі қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров KazMedConsult компаниясының директоры Кевин Фрикпен жедел медициналық көмек қызметін модернизациялау мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

"Жедел қызметті" модернизациялау жобасы медициналық көмек көрсетуге халықаралық стандартты енгізуді жобалайды. Бұлардан өзге, диспетчерлік қызметті модернизациялау, сонымен қатар сараптама мен Big data өндеуінің негізінде процестің сапасын арттыру құралдарын қолдану талқыланды.

Жедел қызметті модернизациялау ауруханаға жатқызудан бастап емдеуге дейінгі кезеңдердегі медициналық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

"Сапалы медициналық қызметтер – Алматыны дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл мәселеге ерекше назар аударады. Оның тапсырмасы бойынша біз барлық медициналық мекемелерге аудит жүргіздік, нәтижесінде қала ауруханалары мен емханаларының жоғары нүктелі құралдармен жабдықталуы 60%-ке жуық екені анықталды", - деп хабарлады Бабақұмаров. 

Сонымен қатар, ол 2022 жылдың аяғына дейін қала медмекемелерінің жабдықталуы кемдегенде 90%-ды құрайтынын атап өтті. К. Фриктің денсаулық сақтау саласында, консталтингте, стратегиялық дамуда және бизнесті дамытуда көпжылдық менеджерлік тәжірибесі бар.

Өзгелердің жаңалығы