Алматыда "жасылдар" партиясының филиалы ашылды

14 Қаңтар 2023, 13:24
818
Бөлісу:
Алматыда "жасылдар" партиясының филиалы ашылды

Қоғам белсенділері Алматы филиалының төрағасын тағайындап, жаһандық экологиялық қатерлерді, атап айтқанда ауаның ластануы тақырыбын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13 қаңтарда "Baytaq" партиясының Алматы филиалының ресми ашылуы өтті. Іс-шара барысында белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам белсенділері партия қатарына қабылданды.

Шаһарға жұмыс сапарымен келген партия жетекшісі Азаматхан Әміртай алматылық филиалдың төрағасы Бейбіт Апсенбетовті таныстырды. Филиалдың жаңадан тағайындалған басшысының айтуынша, "Baytaq" барлық экологиялық қызметті жаңа деңгейге шығаратын ынтымақтастық және саяси қолдау партиясы болуға тиіс. Өз сөзінде ол партиялықтар эко-мәселелерді шешуге және жалпы таза ауа тақырыбын насихаттауға ниетті екенін атап өтті.

Ең алдымен, мен көптен бері ауаның ластануы проблемасына алаңдап жүрген алматылықпын. Біз қала құрылысы, көлік, энергетикадағы жүйелі әдістер туралы ойланатын боламыз, - дейді төраға.

ҚР Спорттық балық аулау федерациясының президенті Роман Ботабеков Алматының және бүкіл Қазақстанның экологиялық таза ауасы үшін күресті жалғастыру қажет екенін атап өтті. 

Мен экология мен ауаны тазарту бойынша барлық идеялар мен ұсыныстарды жүзеге асыруды толықтай қолдаймын. Сонымен қатар, біздің партиямыздың ұранында таза ауаны ғана емес, таза билікті де білдіретін "таза" сөзі бар, - деп атап өтті Ботабеков.

Эколог Азаматхан Әміртайдың айтуынша, партияның таза саясаты экология мәселелеріне бей-жай қарамайтын 30 мыңнан астам қазақстандықты біріктіріп отыр. Соңғы 20 жылда елімізде бірде-бір жаңа саяси партия тіркелмегенін ескеру қажет. 

"Baytaq" жасылдар партиясын құру - бұл біздің саяси қоғамымыз жаңа Қазақстанның құрылысына бағытталған оң трансформация процесінде екендігінің дәлелі, - дейді партия басшысы.

Іс – шара соңында Азаматхан Әміртай алдағы Парламенттің жоғарғы палатасы Сенат сайлауы өтетін еске салды.  Онда жеңіске жеткен жағдайда ТКШ мен ЖЭО мәселелері жедел әрі ауқымды шешілетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы