Алматыда жастар орталығы бой көтереді

7 Қыркүйек 2023, 10:16
792
Бөлісу:
Алматыда жастар орталығы бой көтереді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге, кәсіптік бағдар беріп, психологиялық және заң көмегін көрсететін орталық ашылмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Боткин көшесі, 16 мекенжайынан ғимарат сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ғимарат 20 қыркүйекке дейін сатып алынады. Орталықтың ашылуы қараша айына жоспарланған. Бұл сіздердің аудандарыңызда ашылғалы отырған жаңа форматтағы алғашқы орталық екенін атап өткім келеді. Орталық жұмысы негізінен жастарды, ең алдымен NEET санатына жататын жастарды жұмысқа орналастыру, оқыту және кәсіптік бағдар беруге, сондай-ақ психологиялық және заң көмегін көрсетуге бағытталатын болады, – дейді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы