Алматыда жасөспірім қызға іздеу жарияланды

15 Қаңтар 2024, 11:46
747
Бөлісу:
Алматыда жасөспірім қызға іздеу жарияланды
Фото: BAQ.KZ -архив

Алматыда 17 жастағы Айша Құрманбек төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыз 10 қаңтар күні шамамен сағат 14:30-да Талдықорғаннан жолға шыққан.

Бойы 176-178 сантиметр, орта денелі, қара шашты, қой көзді. Қоңыр пальто, ақ мойынорағыш, қызыл жейде киген. Қолында телефоны болған. Райымбек батыр, 212 мекенжайындағы саябақта көргендер бар көрінеді.

Алматыда жасөспірім қызға іздеу жарияланды
volontery_almaty_lider.kz

Қыздың шамамен қай жерде жүргені белгілі - Райымбек көшесіндегі бизнес-парк ауданы. Осы ауданда тұратын немесе жұмыс істейтіндердің барлығына өтініш білдіреміз. Суреттегі қызды мұқият қарап, табуға көмектесулеріңізді сұраймыз, - деді еріктілер.

Өзгелердің жаңалығы