Алматыда жаңбырдан кейін су басып қалатын учаскелер саны артқан

23 Сәуір 2022, 10:51
2171
Бөлісу:
Алматыда жаңбырдан кейін су басып қалатын учаскелер саны артқан
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жаңбырдан соң және қар еріген кезде көптеген көшені су басып қалады. 2021 жылы қалада су басатын 20 учаске болса, биыл олардың саны 56-ға жеткен. Жағдай бұлай кете берсе қаланың тең жартысы су астында қалады деген мамандар дабыл қақты.

Алматы әкімінің тапсырмасымен 2022 жылдың наурыз айында қаланың арық жүйесіне инвентаризация жүргізілген. Нәтижесінде 1525 шақырым болатын арық желісі анықталыпты, оның 1101 км жұмыс істейді екен.  424 шақырымы жөндеуді немесе реконструкциялауды қажет етеді, сондай – ақ ұзындығы 100 км жаңа арық желілерін салу қажеттілігі туындаған.

Алматыда жаңбырдан кейін су басып қалатын учаскелер саны артқан

Қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы міндетін атқарушы Серік Әділбаевтың айтуынша,  қала жыл өткен сайын өсіп келеді, бұрын суарылатын жерлерге көптеген ғимарат салынып жатыр. Жаңбыр жауғанда су жерге сіңбестен үйлердің арасымен ағып арықтарға қосылады, арықпен шілпи аққан су қаланың сыртындарға өзендерге қосылу керек. Алайда судың шамадан тым көп жиналуынан ол арықтан асып көше бойын және көптеген үйлерге жайылады.

Қалада арық суының жартысын жер асты құбырымен бұрып әкететін 16 коллектор бар екен. Бірақ оның төртеуі ғана жұмыс істеп тұр, қалғандары Совет үкіметі ыдырағалы қараусыз қалған. Ішін батпақ басып, қоқысқа толып қалған. Мамандар осы коллекторларды қалпына келтіріп, арық желілерін реттеу бойынша жобалық құжат дайындапты. Егер ол мақұлданса қаладағы арық желілерін келесі жылы түгелдей реттеп бітіреміз деп отыр.

Алматыда жаңбырдан кейін су басып қалатын учаскелер саны артқан

Жұмыс істеп тұрған 4 коллектор 2013 жылы Алатау ауданында ТЖД-нің желісімен салынған және жаңа үйлер маңында тартылған арықтар соған қосылған. Қалған 12 коллекторды тазартып, арық желілерін соларға қосуды көздеп отырмыз. Бір сөзбен айтқанда Алматыдағы 16 коллектор, 16 канал, 36 су жинау мұнарасы түгелдей жұмыс істеуі керек. Қолға алған жобалық сметалық құжатқа осы өзгерістің бәрін енгіздік,-дейді ол.

Бұған дейін суды реттеп отыратын коллекторлар қараусыз болған, еш мекеменің жауапкершілігінде болмаған. Қалпына келтірілген соң қаладағы су қорымен айналысатын «Эко Алматы» мекемесіне тапсырылады.

Алматыда жаңбырдан кейін су басып қалатын учаскелер саны артқан

Серік Әділбаев сондай-ақ жаңбырдан кейін қаланың қай бөлігін су басып қалатынын айтып берді.

Қалада оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс. Сулар арық бойымен жиналып келеді де Абай даңғылынан төмен қарай көшелерді су баса бастайды. Судың қатты нөпірі арықтан асып көшені, сол маңдағы үйлерді басады. Гагарин, Жароков көшелері бойындағы су өткелдері де бітелген, сондықтан ол жерді де су басады. Сондай-ақ Саяхат шағынауданы, Алматы-2 вокзалы, Райымбек даңғылында су басатын учаскелер бар. Егер коллекторлар жөнделсе су басу мәселесі шешіледі,-деді ол.

Алматыда жаңбырдан кейін су басып қалатын учаскелер саны артқан

Бүгінде қаланың батыс бөлігінде ұзындығы 119 шақырымды арық желілерін салу және реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, іске асыру мерзімі  2021-2023 жылдары. Бұдан өзге, осы жобамен желілерді  жасыл екпелерді суару үшін пайдалану көзделмеген, қолданыстағы коллекторларға жаңбыр және еріген суларды бұру ескерілмеген, ал бұл жекелеген учаскелерді су басып қалуға әкелген. Мамандар енді сол олқылықтың орнын толтыруға тырысып жатыр.

Алматыда жаңбырдан кейін су басып қалатын учаскелер саны артқан
Өзгелердің жаңалығы