Алматыда жаңа туған нәресте коронавирустан көз жұмды

17 Тамыз 2021, 14:52
5414
Бөлісу:
Алматыда жаңа туған нәресте коронавирустан көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда бір ай бұрын өмірге келген нәресте коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы шаһарында коронавируспен ауырып жатқан балалар саны артқан.

Қала стационарларында 195 бала ем қабылдап жатыр, оның екеуі жансақтау бөлімінде. Үй жағдайында 2540 бала коронавирустан емделіп жатыр. Бір апта бұрын вирустың таралуы шарықтау шегіне жетті, ол кезде 245 бала ауруханада жатқан еді. Мұның барлығы дельта штамның таралуымен байланысты, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол ем қабылдап жатқан балалардың бірі қайтыс болғанын жеткізді.

Ол баланың туғанына бір-ақ ай болған. Мәйітті тексеру кезінде өлім коронавирус инфекциясынан болғаны дәлелденді. Бұл жағдай осыдан бір ай бұрын болған еді. Бұл жағдай бойынша Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының басшысы егжей-тегжейлі баяндаған. Онда нәрестенің вирусты қай жерде жұқтырғаны, емдеу қалай жүргені және өкінішке қарай, оның өмірін неліктен сақтап қала алмағандары туралы айтылған, - деді Табынбаев.

Өзгелердің жаңалығы