Алматыда жалған төлқұжат ұсынған шетелдік ұсталды

8 Сәуір 2024, 11:12
196
Бөлісу:
Алматыда жалған төлқұжат ұсынған шетелдік ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Жалған төлқұжатпен өтпек болған шетелдік еліне депортацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстады.

Аталған адамды жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жасанды төлқұжат табылды және алынды. Салдарынан шетелдік азамат депортацияланды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы