Алматыда жағдай күрделі. КВИ-мен сырқаттану деңгейі 2 есеге артты

1 Мамыр 2021, 11:05
1806
Бөлісу:
Алматыда жағдай күрделі. КВИ-мен сырқаттану деңгейі 2 есеге артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-39 жас аралығындағы жастар арасында КВИ ауруының ең жоғары деңгейі – 35,5%, 60 жастан асқан азаматтар арасында - 22,5%, жасөспірімдер арасында сырқаттану 0,3%-ға - 3,0-дан 3,3%-ға дейін ұлғаю жалғасуда.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Эпидемия басталғаннан бері КВИ жұқтырудың 53 мыңнан астам жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 2715,7), оның ішінде 2021 жылдың басынан бастап 29 сәуірді қоса алғанда 35 995 жағдай (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 1781,1), жалпы 2020 жылы 18521 тіркелген жағдайда (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 927,7), яғни өткен жылғы сырқаттану деңгейінен 2 есеге артқаны байқалады, - делінген таратылған ақпаратта.

Соңғы тәулікте 697 жағдай тіркелді. Соңғы 7 күнде ауру көрсеткіші репродуктивті сан 1,0 деңгейінде сақталған жағдайда 246,2 деңгейінде қалып отыр.

Қоғамдық тамақтану объектілерінде жұқтыру 0,8%-ға өсті, тіпті оның барлық түрінде (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар, кәуапханалар, түнгі клубтар, караоке) біртіндеп өсті.

20-39 жас аралығындағы жастар арасында КВИ ауруының ең жоғары деңгейі – 35,5%, 60 жастан асқан азаматтар арасында - 22,5%, жасөспірімдер арасында сырқаттану 0,3%-ға - 3,0-дан 3,3%-ға дейін ұлғаю жалғасуда.

Алматы әкімдігі мегаполис тұрғындарын адам көп жиналатын орындарға, жабық кештерге, банкеттерге, үйлену тойларына бармауға және жұқтыру қаупі жоғары іс-шараларға қатыспауға шақырады.

Алматыда жұқтыру жағдайларын тіркеудің жалғасуына байланысты карантиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды. Ағымдағы жылдың 20 наурызынан 30 сәуіріне дейін барлығы 727 бұзушылық анықталды. Анықталған нысандардың жалпы санынан – 498-і мейрамхана, дәмхана және дүкендерге, 94-і компьютерлік клубқа, 15-і бильярд клубына, 43-і СПА-салонға, 27-сі саунаға, 2-уі кальян барына, 24-і караоке клубына, 10-ы лото клубқа, 1-уі букмекерлік кеңсеге, 15-і түнгі клубқа жатады. Аудан ПБ-на барлығы 3304 адам жеткізілді, - делінген хабарламада.

Мысалы 29 сәуірде сағат 19:15 шамасында Алмалы ауданының мониторингтік тобы «Caffe Del Teatro» мекемесінде карантин талаптарының бұзылғанын анықтады. Банкет залының ішінде қалыңдықты ұзатуға жиналған адам болды. Тойды тоқтатуға тура келді, ал тойға келгендердің жиналуына тексерушілер шамамен жарты сағат уақыт берді.

«Caffe Del Teatro» кафесінің иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, той қонақтарына санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау туралы профилактикалық әңгіме өткіздік. Ұзату тойда негізінен қарт адамдар болды, олар коронавируспен ауру қаупі бар тәуекел топтағы адамдар, - деп хабарлады Алмалы ауданының әкімдігі жанындағы мониторингтік топ өкілі Ерден Хайруллин.  


Өзгелердің жаңалығы