Алматыда зейнеткерді қорлаған мопед жүргізуішісі ұсталды

1 Желтоқсан 2023, 13:19
751
Бөлісу:
Алматыда зейнеткерді қорлаған мопед жүргізуішісі ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы қаласының полициясы жабайы базарда зейнеткердің заттарын шашып, балағат сөз айтқан мопед жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі бейнероликте оқиғаның Жасыл базардың маңайында болғандығы айтылады. Мопед тізгіндеген ер адамның зейнеткерге дөрекілік танытып, соңында балағат сөз айтқанын көруге болады.

Мопедші алдымен тротуарға кірді. Аяқ киім сатушы оған мопедтерге орын жоқ екенін айтып, оны итермек болады. Ал мопед жүргізушісі бұл әрекетке назданып, сатушыны қорқытып, кешірім сұрауды талап етті. Аяқ киім сатушысы кешірім сұрамайтынын айтқаннан кейін мопед жүргізушісі оның тауарын басып өтіп, барлығын шашып, зейнеткерге балағат сөздерді айтты. Оның өзін-өзі ұстауы мас адамдікіндей болды, – дейді видеоның авторы.

Аталған жағдайға Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы бірден анықталды. 434 ҚРҚБАП 1 бөлімі бойынша ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Бұл бапта15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Өзгелердің жаңалығы