Алматыдағы бейбіт шеру аяқталды

13 Қыркүйек 2020, 13:36
2900
Бөлісу:
Алматыдағы бейбіт шеру аяқталды
Фото: автордан

Алматы,  BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы қаласында 3 сағатқа созылған бейбіт шеру өтті.


Шеру тыныш өткенімен әкімдік өкілдері ұйымдастырушыларға бірнеше ескерту жасағандарын айтады.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков бүгінгі митингке әкімдік тарапынан бар жағдай жасалғанын айтты.
Алматы тұрғыны Әйгерім Тілеужановадан бейбіт шеру өткізсек деген хабарлама келді. Ол әкімдік тарапынан қаралып, оған келісім берілді. Ол азаматтар кредиттік амнистия, жерді шетелдіктерге бермеу және Қытай экспансиясына қатысты мың адамға арналған шеру өткізуді сұрады. Әкімдік жаңа Заңға сәйкес митинг өткізуге бар жағдайды жасап берді. Алаңда көлік қозғалысын тоқтатып, әлеуметтік қашықтық үшін жерге белгі салынды. Эпидемиологтар қатысушылардың дене қызуын өлшеп, маска беріп жатыр. Арнайы  дәретхана әкеп қойылды. Журналистер үшін баспасөз орталығы ұйымдастырылды,-дейді ол.
кару1.jpeg

Сондай-ақ, ол шеруге қатысушылар тарапынан бірнеше заң бұзушылық болғанын, сондықтан ескерту жасалғанын айтты.
Ұйымдастырушылар ескерткенімен қатысушылар әлеуметтік қашықтықты сақтамады. Оған қоса белгіленген тақырыптан ауытқып кетіп жатыр, соған байланысты ескерту жасалды,-деді әкімдік өкілі.
кару2.jpeg

Ш. Уәлиханов саябағы алаңында өткен митинге қатысушылар  өздерінің талап, ұсыныстарын еркін айта білді. Тіптен, күй ойналып, ән де шырқалды. Митинг соңында ұйымдастырушылардың қарары оқылды.

кару3.jpeg



Өзгелердің жаңалығы