Алматыдағы Қазақстанның ең үлкен туы «Медеуде» орнатылды

13 Қазан 2019, 17:20
5089
Бөлісу:
Алматыдағы Қазақстанның ең үлкен туы «Медеуде» орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Қазақстанның ең үлкен мемлекеттік туы «Медеу» мұз айдынының маңында орнатылды.

Ту көтеру салтанатты рәсіміне атақты спортшылар мен қалалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы», - деген еді. Тұңғыш президентіміздің осы нақыл сөзін еліміздің әрбір азаматы жүрек түкпірінде сақтап, әркез жадында ұстап, орындауы қажет. Осыған орай бүгін партияның мұрындық болуымен тәуелсіздігіміздің алтын бесігі саналатын Алматы шаһарында, талай әлемдік рекордтардың куәсі болған «Медеу» мұз айдынында мемлекеттік туымыз биік те берік тұғырға орнатылды. Бұл игі шараның символдық мәні, атқарар маңызы зор. «Nur Otan» партиясының доктринасында да халқымыздың қасиетті құндылығы – тәуелсіздікке ерекше басымдық берілген. Елдігіміздің айшықты белгісі болған көк туымыз әрбір үйдің, әрбір ұйымның төрінде тұрса да артық болмайды. Сондықтан ұлттығымызды ұлықтайтын осындай оң бастамаға бүкіл қоғам болып жұмылып, баршаңызды белсенді қатысуға шақырамын», - деді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.  

22307bdc90daf1e576936c3a0b720a94.jpeg

«Елтаңбамыз елдік бен еркіндіктен бастау алған рухымызды аспандатып, айбынымызды асыра түссін. Әуезді әнұранымыз мәңгі шырқалып, арман-аңсарымызды көкке самғата берсін. Байтақ Отанымыз, қасиетті қазақ елі күн сөнгенше сөнбесін. Әрқашан көк туымыз көгімізде желбірей берсін!», - деп сөзін түйіндеді Бауыржан Байбек.

Атап өтсек, тутұғыр биіктігі 40 метрді, ал ту көлемі 7 де 14 метрді құрайды.

Өзгелердің жаңалығы