Алматыда волонтерлер слеті өтті

10 Желтоқсан 2023, 15:22
502
Бөлісу:
Алматыда волонтерлер слеті өтті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен волонтерлер слеті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға волонтерлер, волонтерлік ұйым өкілдері, қала жастары, ҮЕҰ өкілдері, танымал тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары және т.б. қонақтар қатысты.

Іс-шара барысында аталмыш саладағы танымал сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас волонтерлермен пікір алмасты.

Сарапшылар қатарында Қайратқызы Перизат («BIZ BIRGEMIZ QAZAQSTAN» жалпыұлттық еріктілер қозғалысы мен қоғамдық қорының басшысы), Қайратұлы Әлібек («DAULETTEN» қайырымдылық қорының атқарушы директоры), Блац Дильмира («LIDER.KZ» із-түзсіз жоғалған жандарға, олардың туыстары мен жақындарына көмек көрсету жөніндегі волонтерлар қозғалысының басшысы) және Жылқыбай Әли («KOBELEK BALALAR» қайырымдылық қорының директоры) болды.

Сондай-ақ шараға қазақ эстрадасының жұлдыздары «Музарт Лайф», Інжу Әнуарбек, Абай Бегей және Лара Рысбай қатысты.

Слеттің басты мақсаты – волонтерлердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, халықтың волонтерлікке деген қызығушылығын арттырып және олардың күнделікті қайырымды істерге қатысуын дәстүрге айналдыру, - деді әкімдік өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы