Алматыда VI Түрік фильмдерінің апталығы өтеді

25 Қазан 2021, 09:34
25190
Бөлісу:
Алматыда VI Түрік фильмдерінің апталығы өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің салымдары және Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы бас консулдығының қолдауымен «Йерли Дүшүнже» ассоциациясы ұйымдастырған VI Түрік киносы апталығы өтеді.

27 қазанда кино және баспасөз қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен VI Түрік киносы апталығының ашылу салтанаты қаладағы «Арман» кинотеатрында ашылады. Жиын барысында Мехмет Ада Өзтекин түсірген «7-ші Камерадағы керемет» фильмі көпшілік назарына ұсынылады.

Кинематографияның күшіне негізделген Қазақстан мен Түркия арасында тағы бір көпір салуды мақсат еткен Түрік фильмдерінің апталығында кәсіби режиссерлердің марапатқа ие болған туындылары, сондай-ақ танымал фильмдер ұсынылады. Оған қоса бұл үздік фильмдер түрік киносын шолуға «панорамалық» мүмкіндік береді.

2021 жылдың 27-31 қазаны аралығында өтетін VI Түрік фильмдерінің апталығында «7-ші Камерадағы керемет», «Баскетбол сақинасы», «Маузер», «Махаббат өмірі» сияқты фильмдер мен анимациялық «Рафадан Тайфа: Кіндік-төбе», «Хабарландыру» фильмдері қала тұрғындарына тегін көрсетіледі.

Әсіресе, осы аптада фильм көрсетілімінен кейін әртістер мен көрермендер арасында кездесулер ұйымдастырылады. Қазақстан әл-Фараби университетінің студенттерімен түрік киносы бойынша сұхбат өтеді. Іс-шара аясында Түркиядан келген режиссерлер, актерлер мен продюсерлер қазақстандық кино әртістерімен кездеседі, сонымен қатар екіжақты келіссөздер мен бірлескен туындыларды құру бойынша сұхбат жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы