Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады

29 Қаңтар 2022, 14:05
1723
Бөлісу:
Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. 

Жоспар бойынша:

 – бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау; 

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау; 

– Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау; 

– 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда; 

– 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру. 

– апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауын орнату; 

– арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана;

 – веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау жоспарлануда.
 

Өзгелердің жаңалығы