Алматыда вакцина салдырғандар саны 140 мыңнан асты

20 Сәуір 2021, 11:10
1355
Бөлісу:
Алматыда вакцина салдырғандар саны 140 мыңнан асты

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматыда 7 655 адам вакцина салдырды. Ал, ақпанының 1-нен бері екпе алғандар саны 142 139 адам. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазір қалада 203 вакцина салу орны жұмыс істеп тұр, оған қоса 406 вакцинация бригадасына 1809 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

2021 жылдың 19 сәуір күні қала бойынша коронавирустық инфекцияның 682 жаңа жағдайы тіркелді, оның 575-і симптомдық белгілері бар және 107 симптомсыз. Емделіп шығарылғандар – 585, келіп түскен науқастар саны – 332,-делінген хабарламада.

Қаланың инфекциялық стационарында 3 756 адам бар, оның 72-сі бала. 925 науқастың жағдайы аса ауыр дәрежеде деп бағалануда, ал 2 831 адамның жағдайы орташа дәрежеде. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 249 бар.

6 081 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 328 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 753 симптомсыз.

Өзгелердің жаңалығы