Алматыда вакцина алғандар саны 550 мыңнан асты

9 Шілде 2021, 14:20
3288
Бөлісу:
Алматыда вакцина алғандар саны 550 мыңнан асты

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өткен тәулікте 9 839 адам коронавирусқа қарсы вакцина алған. Ал ақпан айынан бері вакцина салдырғандар саны 558 104 адам. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакцина алғандардың 88 824-і - 60 жастан асқан адамдар.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Қалада коронавирус індетінің таралуы әлі де жоғары. Мәселен, 8 шілде күні 420 адамның виурс жұқтырғаны анықталған. Оның 370 симптомдық белгілері бар және 50-і - симптомсыз.

Инфекциялық стационарларда жалпы саны 1 277 адам бар, оның 89-ы - бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 96 науқас ем алуда. Оған қоса БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 2 516 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2208, симптомсыз 308 науқас бар, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы