Алматыда вакцина алғандар саны 1 миллионнан асты

30 Қараша 2021, 12:18
783
Бөлісу:
Алматыда вакцина алғандар саны 1 миллионнан асты

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алғандар саны 1 миллионнан асты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қала бойынша вакцинаның 1-компонентін 1 035 512 адам, 2-компонентін 968 966 адам салдырған. Ал өткен тәулікте 1-компонентті 809 адам, 2-компонетті 1 527 адам алған.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 13 248 адам, оның ішінде 795 жүкті әйел, 2 803 емізулі ана және 9 650 бала мен жасөспірім егілді, - делінген хабараламада.

Сондай-ақ кеше 34 адамнан коронавирус анықталған. Инфекциялық стационарларда 393 адам ем алып жатыр, оның 23-і - бала.

Өзгелердің жаңалығы