Вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылып жатыр

21 Мамыр 2021, 12:51
2414
Бөлісу:
Вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы тұрғындарына тіркелген емханаларынан коронавиурске қарсы вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны өткізілетіні туралы хабарлама келіп жатыр.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті растады, ол ресми ұйымдастырылған акция болып шықты.

Құрметті Алматы тұрғындары! 21 мамыр жұма күні «Строй сити», «Ақбұлақ» сауда орталықтары мен «Жібек жолы» базарында коронавиурске қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алғандар арасында ұтыс ойны өткізіледі. Қатысушылардың ешқайсысы ұтыссыз қалмайды. Вакцина алушылардың «Спутник V» және «Hayat Vax» екпелерінің бірін таңдау мүмкіндігі бар,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ ұтыс сыйлықтары арасында шаңсорғыш, ыдыс жинағы, қысқа толқынды пеш, шаш кептіргіш және басқа да қажетті заттар болатыны айтылған. Акцияға бүгін таңғы сағат 9-дан 17.00 дейінгі аралықта екпе алғандар қатысады.

Айта кетсек, қалада 282 443 адам вакцина алған. Қазақстандық QazVac вакцинасын 3 000 адам егілсе, қытайлық Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 6 429 адам алған.

Өзгелердің жаңалығы