Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды

Жанжалға қатысушылардың бірі кеуде тұсынан жарақат алған.

 istockphoto.com 6 Қыркүйек 2026, 10:49
6 Қыркүйек 2026, 10:49
101
Фото: istockphoto.com

Алматының Түрксіб ауданындағы азық-түлік дүкенінде жанжал төбелеске ұласып, салдарынан бір адам зардап шекті.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжал ағайынды екі жігіт пен шағын азық-түлік дүкенінің қызметкері арасында болған.

Төбелес кезінде қатысушылардың бірінің кеуде тұсына үшкір затпен соққы жасалған. Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Учаскелік инспектор жанжалға қатысушыларды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Әр қатысушының әрекеті мен рөліне құқықтық баға беріледі.

Наверх