Алматыда «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті

17 Қазан 2023, 09:06
486
Бөлісу:
Алматыда «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті
Фото: Алматы әкімдігі

500-ден астам қатысушы «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Қазақ күресі» және «Бәйге» сынды ойын түрлерінде бақ сынасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 5 млн теңге7

«Құнан бәйгеден» жарыста Жамбыл облысының шабандозы Жолшыбек Мәди бірінші орын алды. Екінші және үшінші орынды Алматы облысының шабандоздары Бекзат Ділдәхан мен Сембек Мұқағали иеленді. 1 орынға 1 млн теңге, 2 орынға 500 000 мың теңге, ал 3 орын иегеріне 250 000 мың теңге берілді.

«Аламан бәйге» санатында 1 орын алматылық шабандоз Айсұлтан Сағымбекке, 2 орын Жамбыл облысынан келген Асылжан Төлегенге, 3 орын Алматы облысының шабандозы Инсар Сармамбетке бұйырды. 1 орынның жүлде қоры 1 500 000 теңге, 2 орын 600 мың және 3 орын иегері 400 000 теңге алды.

Бұған қоса, қолөнер жәрмеңкесі, армрестлинг, гір көтеру және «Тоғызқұмалақ» турнирі өтті. Іс-шара қонақтары мен қатысушылары «Отырар Сазы» ұжымы мен «Домбыра триосы» ұлттық ансамблінің өнерін тамашалады.

Өзгелердің жаңалығы