Алматыда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы пайдалануға берілді

16 Маусым 2023, 11:14
931
Бөлісу:
Алматыда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы пайдалануға берілді
PHOTO
Фото: автордан

Ұзындығы 66 шақырымға созылған үш жолақты жол халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Құрылысы 3 жыл бұрын түрік-кореялық консорциумының негізінде қолға алынып, жоспарға сәйкес пайдалануға берілді. 

Салтанатты рәсімнің ашылуына ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

ҮАААЖ жолағы Алматыда және қала маңындағы кептелістерді азайту мақсатында салынды. Сондай-ақ, Қазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі. Жолақ 3 жылдың ішінде қолданысқа берілді. Шетелдік инвесторлар мен банктердің қызығушылығын танытқан үлкен жоба болды. Техникалық деңгейі өте жоғары. Жоба еліміздің экономикасына оң серпін береді. Себебі, осы жобамен қатар, инвесторлар басқа жолдарды жасауға ат салыспақ, - дейді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Министр журналистердің «Айналма жол халықтың қалтасын қақпай ма?» - деген сауалына жауап берді. 

Алматыда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы пайдалануға берілді

Жоқ, қақпайды. Шетелдегі мұндай айналма жолдарда халықтан көп қаржы төлеуді талап етеді. Ал бұл жолда бір реттік, ай сайынғы және жылдық төлемдер бар. Меніңше, халық сапалы, жайлы жолмен жүреді. Жолдан түскен қаражат жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады, - деп жауап берді министр.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, жаңа жол-көлік инфрақұрылымы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етпек. 

Алматыда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы пайдалануға берілді

Аталған айналма автожолы мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында салынған еліміздегі маңызды инвестициялық жобалардың бірі. Ол тұтастай өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін Батыс Қытай – Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі тармағы саналады. Осы жол облысымыздың дамуына әсер беріп, инвестициялық және туристік әлеуетті арттырады деген сенімдеміз, - деді М.Сұлтанғазиев.

Айналма жол 1-а техникалық санаты бойынша салынған. Аталған жобаны қаржыландыруға Еуразиялық даму банкі де қатысқанын атап өткен абзал.

Алматыда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы пайдалануға берілді

Үлкен Алматы айналма автожолы Қазақстан мен Еуразия аймағында көлік маршруттарын кеңейту бойынша маңызды рөл атқарады. Жаңа нысан «Шығыс-Батыс» бағытындағы халықаралық автокөлік маршруттарын байланыстырып, көлік қатынасын жақсартуға, жүк тасымалының мүмкіндіктерін кеңейтуге оң ықпал етеді. Осы жол арқылы тасымалданатын жүктің болжамды көлемі таяу 10-15 жылда 87%-ға ұлғайып, 35,9 млн тоннаға жетуге тиіс,- деді Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов.

Ресми бөлімнен кейін жаңа жолдың бойымен бірнеше көлік жүріп өтті. Атап айтқанда, ҮАААЖ белгілері бар 10 ауыр жүк көлігі, 10 автобус және жеңіл автокөліктер Қаскелең қаласына дейін жол тартты.

Алматыда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы пайдалануға берілді

Еске салайық, ҮАААЖ бойынша болжамды жолақы құны 2023 жылға айлық есептік көрсеткіш (АЕК) = 3450 теңге. Пайдаланушы ҮААЖ бойынша төлемді келесі жолдармен төлей алады:

Концессионердің веб-сайтындағы жеке кабинеті немесе Каспий банкінің, Халық банкінің және ЦентрКредит Банкінің банктік қосымшалары арқылы.

Өзгелердің жаңалығы