Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер саны азаймай тұр

31 Тамыз 2021, 17:36
8723
Бөлісу:
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер саны азаймай тұр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева онлайн брифингте тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. 

Оның айтуынша, қалада зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді қабылдайтын «Жан Сая» дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр. 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталыққа биыл 75 әйел мен 157 бала өтініш берген. 

Атап айтсақ, «Жан Сая» отбасылық зорлық-зомбылық құрбандары үшін арнайы жасалған. Мұнда зардап шеккендерге баспана, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Орталық сонымен қатар балаларға арналған түрлі іс-шаралар өткізеді және «150» сенім телефоны бар. Сонымен қатар Алматыда тұрақты тұратын жері жоқ адамдар үшін құрылған «Пана» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 466 өтініш берушіге көмек көрсетілді, олардың барлығы уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етілді, - деді басқарма басшысы. 
Сонымен қатар ол Орталық мамандары зардап шеккендердің құжаттарын қалпына келтіруге көмектесетінін айтты. Мысалы, «Панаға» ешқандай құжаты жоқ 67 жастағы ер азамат жүгінген. 1974 жылы төлқұжатын жоғалтып алған. Мамандардың көмегінің арқасында ол жеке куәлік алуға, сондай-ақ қарттық бойынша зейнетақы тағайындауға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта «Шаңырақ» арнайы қызметтер орталығына ауыстырылған.
Алматыда жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғызбасты ерлі-зайыптылар және зейнеткерлік жастағы ерлі-зайыптылар үшін еліміздегі ерекше «Қамқор» әлеуметтік үйі жұмыс істейді. Мұнда 50 адам тұрып жатыр. Бұл үй көпқабатты, айналасы қоршалған. Туыстарының қарауынсыз қалған аға буын қала тұрғындары пәтерлерін мемлекет меншігіне өткізіп, осы үйге көше алады, - деді Тоғызбаева.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қанша адам АӘК-пен қамтылғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы