Алматыда тау бөктеріндегі шағын ауданда төтенше жағдай болды

6 Мамыр 2023, 15:15
1059
Бөлісу:
Алматыда тау бөктеріндегі шағын ауданда төтенше жағдай болды

3 мамырда Алматыдағы Думан шағынауданында тауда орналасқан ескі резервуардан су ағып, үйлерді су басты деп хабарлайды BAQ.KZ Tengrinews.kz-ке cілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат агенттігіне төтенше жағдай салдарын видеоға түсірген куәгерлер хабарлаған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар резервуарларда жарықтар барын ескерткен. Бірақ оларды ешкім тыңдамаған. Енді сол жарықтардан су ағып жатыр.

Видео авторларының айтуынша, әкімдік олардан үйлерін тастап, 9-10 күнге басқа жаққа көшуді сұраған. Тұрғындар ешкім үйінен кеткісі келмейтінін, өйткені кейін қайтатын жер болатынына кепілдік жоқ екенін айтады.

Думан шағынауданы, Ақ Жайық көшесі. Мұнда таулы аймақ, шоқы бар. Ұзындығы 100 метр, тереңдігі 30 метр болатын сумен жабдықтау резервуары. Екі резервуар бар. Не құбыр тесілген, не суды жабатын шүмек сынып қалған. Көше бойымен су ағып жатыр. Қазірдің өзінде екі үйді су басқан. Су тоқтамаса, мына шоқы сырғып түседі, - дейді видеодағы куәгерлердің бірі.

Өзгелердің жаңалығы