Алматыда тағы бір креатив хабы ашылады

25 Мамыр 2021, 15:15
3358
Бөлісу:
Алматыда тағы бір креатив хабы ашылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының мәслихат депутаты Мұхтар Зулеев мегаполистегі екінші креативті хаб салу жоспарланған аумаққа барды.

Жалпы алғанда, креативті индустрия - әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Мемлекет шығармашылыққа араласпай, осындай саланы дамыту үшін жағдай жасауы керек. Егер Алматыны алатын болсақ, мұнда креативті сала жеке дамитын сегмент ретінде алғаш рет пайда болды. Осылайша, осындай кеңістіктерді ашу арқылы қала тұрғындарының шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасаймыз, - деді депутат.

Оның айтуынша, «Алматы-2050» ұзақмерзімді даму стратегиясында креативті индустрияны дамыту - басым бағыттардың бірі.

Ондағы бірінші инновациялық алаң 2000 шаршы метрге жуық үлкен аумақта орналасқан. Осыған ұқсас салынатын екінші хабқа ақысыз wi-fi бар коворкинг орталығы және сирек кездесетін кітаптардың мыңдаған данасы ұсынылатын кітапхана қоры кіретін болады.

Балаларды дамыту үшін тегін үйірмелер, цирк өнері және шығармашылық қызметтің басқа да түрлері қамтылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы