Алматыда студенттердің ата-аналары қазақстандықтарды екпе алуға шақырады

11 Тамыз 2021, 22:13
5255
Бөлісу:
Алматыда студенттердің ата-аналары қазақстандықтарды екпе алуға шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы студенттер мен мектеп оқушыларының ата-аналары вакциналануды құптайды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматылық оқушылардың ата-аналары тұрғындарды екпе жасауға шақырады. Олар Алматыда ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы және мектеп оқушылары мен студенттердің офлайн режимде қауіпсіз ортада білім алуы үшін әлеуметтік желілерде осындай үндеулер таратуда. 

Белсенді ата-аналардың көпшілігі мегаполистің ересек тұрғындарын өскелең ұрпақты қауіпті инфекциядан қорғауға, коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақыруда. 

Мәселен, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Мұқадас Мұталиеваның ата-анасы бейне хабарлама түсіріп, онда олар екпе туралы өз пікірлерімен бөлісті. 

«Біз бүкіл отбасымызбен коронавирусқа қарсы вакциналандық және барлық ересектерді, әсіресе ата-аналарды осылай жасауға шақырамыз. Бұл балаларымыздың офлайн режимінде оқуы және жоғары сапалы білім алу үшін қажет», - деді медициналық университет студентінің анасы. 

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 4-курс студентінің тағы бір анасы Дариға Оразаева коронавирусқа қарсы вакцинацияны қолдайды. Ол коронавирустың таралуына жол бермеу үшін студенттерге вакциналану қажет деп санайды. 

Қашықтан сапалы білім алу мүмкін емес. Мұндай оқыту жүйесі сапалы білім беруге кедергі келтіреді, сондықтан барлықтарыңызы екпе алуға шақырамын, сонда ғана балаларымыз пандемияға дейінгі қалыпты режимде оқуға мүмкіндік алады, - деді Д. Оразаева. 

Instagram-дағы тағы бір видеода осы университетте оқитын студент Аружан Андасованың анасы да Қазақстан халқына үндеу жолдайды. 

Менің қызым да, мен де коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алдық. Балаларымыздың сапалы білім алып, жақсы маман болып шығуы біздің қолымызда. Сондықтан мен ата-аналар мен оқушыларды вакцинациялауға шақырамын, - деді студенттің анасы. 

Айта кетерлігі, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері мен өңірлердің әкімдіктеріне мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында жаңа оқу жылында күндізгі білім беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Барлық білім беру ұйымдарында мұғалімдер, қызметкерлер мен ата-аналар үшін Ashyq жүйесі енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы