Алматыда студенттер спортына клубтық жүйе енгізіледі

27 Тамыз 2021, 12:00
6991
Бөлісу:
Алматыда студенттер спортына клубтық жүйе енгізіледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, Алматыда студенттерді оқытып жатқан жоғары оқу орындары көп, соған сәйкес студенттер саны да жоғары. 

Қаладағы студенттік спорттың әлеуеті зор, оны байқап отырмыз. Қазір қаланың Спорт басқармасымен студенттік спортта клубтық жүйені іске асыру бойынша жұмыс тобы құрылған. Бүгінгі таңда Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университет, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бір айдың ішінде бұл мәселе бойынша жеке ақпарат береміз, - деді ол.

Сондай-ақ ол Қазақстан бойынша бұқаралық спортты дамыту жоспарына студенттік және оқушылар спортын дамыту жекелей қарастырылатынын жеткізді.

Қазір қаладағы барлық ЖОО-да спорттық клубтар бар. Негізінен көп тараған спорт түрлері ол волейбол, баскетбол және футзал. Тек шахмат түрі кенже қалуда. Жалпы қаладағы 22 жоғары оқу орында спорттық команда бар,-деді басқарма басшысы.
Өзгелердің жаңалығы