Алматыда студенттер эвакуацияланды

Бөлісу:
Алматыда студенттер эвакуацияланды
VIDEO
Фото: скриншот

Алматыда Satbayev University-нің бас оқу ғимаратынан түтін шығып, студенттер эвакуацияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқу орнынан түтін шықан бейне ролик әлеуметтік желілерде жариялады. Белгілі болғандай, ғимараттың жылу желісінен ақау шыққаны және қабаттардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. 

Аталған жағдайға университеттің баспасөз қызметі жауап берді. 

Жөндеушілердің бірі болгарка құралымен жұмыс істеп жатқан сәтте одан шыққан ұшқын шүберек затқа түсіп, ол біртіндеп түтіндеп, иісі шыға бастаған. Шүберек зат өрт сөндірудің барлық ережесіне сәйкес жойылды. Ешқандай өрт шыққан жоқ, бірақ дабыл ойнаған соң, сол қабаттағы адамдар сыртқа эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

Видео: ZTB

Өзгелердің жаңалығы