Алматыда спорт ардагерлері марапатталды

13 Қыркүйек 2023, 17:04
781
Бөлісу:
Алматыда спорт ардагерлері марапатталды
Фото: автордан

Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына арналған мерекелік кеште мерейтойлық медальдар мен алғыс хаттар табыс етілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Салтанатты рәсім барысында ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев қазақстандық спорт ардагерлеріне медальдар табыс етті. Олардың арасында ҚР Еңбек сіңірген спортшылары мен жаттықтырушылар бар.

Бүгін ҚР ҰОК ең жоғарғы орденіне ие болдым. Бұл менің Олимпиададан кейінгі, спорттан кейінгі еңбегіме байланысты берілген сый деп ойлаймын. Қазіргі уақытта спортта бокстан чемпион болып, көк туымызды көкте желбіреткен жастарымыздың қатары артып келеді. Өкінішке қарай, Токио Олимпиадасында екі қола медальға ие болып қалдық. Дегенмен Париж Олимпиадасында жанкүйерлерімізді алтынмен қуантамыз деген сенім бар. Алдағы уақытта чемпион болған спортшыларға 10 мың доллар сыйақы берілетін болды, күміс медаль алғандарға 5 мың доллар, қола алғандарға 3 мың доллар сыйақы тағайындалады, – дейді 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997, 1999 жылғы әлем чемпионаттарының жүлдегері Ермахан Ибраимов.

Алматыда спорт ардагерлері марапатталды

Мерекелік іс-шарада спорт саласында қалам тербеп жүрген тілшілер де елеусіз қалмады. 

Алматыда спорт ардагерлері марапатталды

Көп жағдайда журналистер елеусіз қалып жататын еді. Осылай жұрт алдында марапаттап жатқанына қуаныштымын. Спортшы тұғырдан түсе салысымен, оның таныстырылуы, көпшілікке танылуы журналистердің мойнында. Өздеріңіз білесіздер, 1994 жылы Лиллехаммерде өткен Олимпиададан бері журналистер спортшылар жайлы жазудан еш қалыс қалмадық. Сол уақыттан бері спорт журналистикасы қарқынды дамып келе жатыр десем, артық айтпағаным, – дейді «Ақжелкен» журналының бас редакторы, ақын Есей Жеңісұлы.

Алматыда спорт ардагерлері марапатталды

ҚР ҰОК делегациясы мерейтойлық мереке аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде іс-шаралар өткізіп жатыр.

ҚР ұлттық олимпиадалық комитетінің орденімен атақты шаңғышы, 1994 жылғы Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов, 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы Александр Винокуров, 2000 жылы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997, 1999 жылғы әлем чемпионаттарының жүлдегері Ермахан Ибраимов марапатталды.

Алматыда спорт ардагерлері марапатталды

Салтанатты іс-шара атақты спортшылар мен ардагерлердің қатысуымен өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы