Алматыда Шәкәрімнің 165 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті

14 Қазан 2023, 14:40
1313
Бөлісу:
Алматыда Шәкәрімнің 165 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті
PHOTO
Фото: автордан

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты дәстүрлі музыкалық кеші өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – шілде», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда» әндерін орындады.

Алматыда Шәкәрімнің 165 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті

Шәкәрім жайлы сөз қозғау оңай емес. Ол кісінің еңбектеріне бойлап бару, шығармашылығын жетік түсінуге терең білім керек. Шәкәрімнің репрессиядан кейін қазақ оқырманымен қауышуына Мұхтар Мағауин үлкен еңбек сіңірді. Ал өлеңдерін, әндерін халық арасында танытуға әнші Келденбай Өлмесековтің еңбегі ерен. Шәкәрімнің шығармаларын ел аузынан жазып алып, көзін көрген жандардан әндерін жинақтады. Ол кісі әндерді мектеп оқушыларына, студенттерге насихаттады. Біз Шәкәрімнің бірлі-екілі әндерін ғана білеміз. Ал Еркін Шүкіманов Келденбай Өлмесековтің жинақтаған әндерін нотаға түсіріп, кітап қылып жариялады. Бүгін студенттеріміз осы шығармаларды тамылжытып орындап шықты, - дейді әнші, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Әділет Мұса.

Алматыда Шәкәрімнің 165 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті

Шәкәрімнің қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Оның әндері А.В. Затаевичтің жинақтарына енді. Сонымен қатар, Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды.

Біздің мұражайда күй, ән, ақындық өнерінде үлес қосқан адамдарға арналған музыкалық кеш ұйымдастырылады. Бұл шараларды өткізуге өнерлі студенттеріміздің үлесі мол. Біздің мерекелік кешімізді шетелден келген қонақтар мен қаланың қазыналы қарттары тамашалай алады. Сондай-ақ, мұражайдағы бағалы экспонаттарды да тамашалайды, – дейді Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің кіші қызметкері Данияр Жаңқабаев.

 

Алматыда Шәкәрімнің 165 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті

Еске сала кетейік, 2019 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының домбырасын ақын өнерінің жанашыры, меценат Медғат Құлжанов Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырған еді.

Алматыда Шәкәрімнің 165 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті
Өзгелердің жаңалығы