Алматыда ШААЖ бойына тротуар жасалды

23 Қараша 2023, 13:50
417
Бөлісу:
Алматыда ШААЖ бойына тротуар жасалды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша іске асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұзындығы 190 метрлік тротуар Алматы қаласының Медеу ауданындағы ШААЖ бойымен жанармай құю станциясынан аялдама кешеніне дейін жасалды.

Бұрын жаяу жүргіншілер жол бойымен жүретін еді.

Алматыда ШААЖ бойына тротуар жасалды

 Мен бұл жолмен жүремін, осында жұмыс істеймін. Бұрын жолдың шетімен жүретінбіз, көліктің астына түсуден қорқатынбыз. Жаңбырлы ауа - райында жол тайғақ болатын. Бәррімізге жайсыз еді. Қазір жақсы болды, барлығына ыңғайлы, - дейді Алматы қаласының тұрғыны Смағұл Маусымбаев.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Медеу ауданында 44 жоба қолға алынған. Бүгінде 34-і бойынша жұмыс аяқталды. Қалғандары осы жылдың қараша айының соңына дейін орындалады.

Өзгелердің жаңалығы