Алматыда сайлаушылардың 27 пайыздан астамы ғана дауыс берді

20 Қараша 2022, 19:20
1295
Бөлісу:
Алматыда сайлаушылардың 27 пайыздан астамы ғана дауыс берді
Фото: Фото: Алматы қалалық ӨКҚ

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова Алматыдағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялауға арналған баспасөз орталығының алаңында сайлау барысы туралы маңызды ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жабық сайлау учаскелерінде 12 381 сайлаушы дауыс берді. Алдын ала өтініш жазған 2295 азамат үйінде дауыс беруге өтініш білдірген. Алматыдағы сайлау учаскелерінде 3 мыңнан астам ұлттық және 43 халықаралық бақылаушы жұмыс істеп жатыр.

Жанна Асанова сайлау комиссиясының заңға сәйкес хаттаманы кімге беруге құқығы бар екенін тағы да түсіндірді.

Заңда дауыстарды санауға қатысқан байқаушының, сенімді тұлғалардың дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы ұсыну тәртібі белгіленген, хаттама сайлау комиссиясының стенділеріне де ілінеді. Хаттаманы БАҚ өкілдеріне беру заңда қарастырылмаған, - дейді ол.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында Жанна Асанова сайлаушылардың сайлау бюллетенін жәшікке салар алдында суретке түсіріп алуы кең тараған жағдайға қатысты пікір білдірді. Мұндай жағдай бүгін №55 орта мектептегі №72 сайлау учаскесінде орын алды.

Бұл әрекет пен үгіт жүргізудің ара-жігін ажыратып алу керек, егер сайлаушы бюллетеньді жәшікке салмай тұрып суретке түсіріп алса және  оны ешқайда жарияламаса, бұл заң бұзушылық емес. Естелік үшін суретке түсіруге болады, бірақ егер адам белгілі бір кандидатты таңдағанын көрсетіп, оны қолдап бюллетеньді жарияласа, бұл басқа мәселе. Сондықтан бұл жерде үлкен айырмашылық бар, - деп түсіндірді Жанна Асанова.

Өзгелердің жаңалығы