Алматыда саябақтар аумағына 45 млрд теңге бөлінеді

7 Наурыз 2024, 11:27
1636
Бөлісу:
Алматыда саябақтар аумағына 45 млрд теңге бөлінеді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғын сұрағына жауап берген қала басшысы жасыл желекті көбейту бағытында жұмыс жүріп жатқанын айтты.

Қала мен оның тұрғындары үшін жұмыс істеп жатқанымызды білесіз. Қала алға жылжып, дұрыс дамып келеді. Біз бірнеше жыл бойы қордаланған түйткілді мәселелерді шешуге тырыстық. Қалаға тиесілі аумақтарда жасыл аймақтар мен ойын алаңдары құрылады. Былтыр скверлер мен саябақтар үшін 37 млрд теңгеге жер сатып алынды, биыл тағы 45 млрд теңгеге жер телімдерін сатып алуды жоспарлап отырмыз. Қаланың қажеттілігі елеусіз қалмайды. Ақылға қонымды теңгерім қалпына келтіріледі, - деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін, Бостандық ауданын дамыту жөніндегі баяндамада қала әкімі Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында ауданы 1 га учаскені абаттандыру жалғасып жатқанын хабарлады. 

Сондай-ақ биыл Тұңғыш Президент саябағын, «Атакент» аумағын және «Южный» саябағын қайта құру мен абаттандыру аяқталатыны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы