Алматыда сарапшылар дәрілік заттарға қол жеткізу мәселелерін талқылады

18 Сәуір 2023, 16:46
1673
Бөлісу:
Алматыда сарапшылар дәрілік заттарға қол жеткізу мәселелерін талқылады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Алматыда арзан дәрі-дәрмектерге адамдардың қол жетуі үшін атқарылатын жұмыстар жайлы субөңірлік саяси диалог өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі. 

Іс-шараны ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы, Денсаулық сақтау жүйелері мен саясаты жөніндегі Еуропалық обсерватория және Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды. 

Халықты қолжетімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау саясатының басты басымдықтарының бірі. Қазақстан жыл сайын МСАК деңгейінде де, стационарлар деңгейінде де дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді артырып келеді. 2019 жылы МСАК деңгейінде дәрілік қамтамасыз ету 45 нозологияны және 2,7 млн адамды қамтыса, 2022 жылы – 126 нозология амбулаториялық деңгейде, 3,8 млн адам қамтылды. Яғни, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету төрт есеге артты. Сатып алу және жеткізу тізбегі, баға белгілеу және шығындарды өтеу, қаржылық қорғау және жақында іске қосылған ДДСҰ ЕАБ-ның «Жаңа дәрілік заттар платформасында» талқыланатын болады, – дейді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Алматыда сарапшылар дәрілік заттарға қол жеткізу мәселелерін талқылады

Субөңірлік кездесулердің көмегімен ДДҰ тәжірибе алмасуға, трансшекаралық байланыстар мен желілерді жолға қоюға ықпал етуге ұмтылады. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін басқару мен реформалауға байланысты пікірлерлерде тыңдалды. 

Бағдарламаның бірінші бөлімінде жүйенің бюджеті үшін қандай дәрі-дәрмектердің құндылығын қалай анықтауға болатындығы қарастырылады. Тиімді баға белгілеу және қымбат дәрі дәрмектерді сатып алу, ескі және жаңа сұранысты тұрақтандыруға тырысамыз. Фармацевтикалық жүйелердің тиімділігін қалай арттыруға болатыны туралы мысалдар келтіріледі. Біз басқа мемлекеттердің тәжірибесімен бөлісеміз және шығындарды есептейміз. Қаржылық қиындықтарды қалай жеңуге болады деген сұраққа жауап табуға тырысамыз. Халықтың денсаулығы мен өнімділігін жақсарту мақсатында ең осал топтарын қорғау арқылы қажеттіліктерді қанағаттандырамыз, – дейді ДДСҰ Еуропалық аймақ елдеріндегі Денсаулық сақтау жүйелері мен саясаты жөніндегі директоры доктор Наташа Аззопарди-Мускат.

Алматыда сарапшылар дәрілік заттарға қол жеткізу мәселелерін талқылады

Саясат мәселелері жөніндегі диалогқа Еуропалық обсерваторияның техникалық сарапшылары және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері қатысты. 

Қырғызстан импортқа тәуелді ел және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың импорты 2022 жылы 28 млрд сомды құрады. Халықтың өмірлік маңызды дәрі – дәрмектерге қол жеткізуі және қалтадан төленетін төлемдер үлесін төмендету басты мақсатымыз. Осы орайда, «Қырғыз Республикасының 2018-2040 жылдарға арналған ұлттық даму стратегиясы» және «дені сау адам-гүлденген ел» Денсаулық сақтау бағдарламасын әзірледі. Алдағы жылдары 2020-2030 жылдарға арналған елдің саяси күн тәртібіндегі мәселелері шешіледі деген жоспарымыз бар, –дейді Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Гульнара Баатырова.

Диалог дөңгелек үстел түрінде өтуде. Аталмыш іс-шара, саяси проблемалары ұқсас әртүрлі елдердің басын қосып, нақты шешімдерді табу және адамдардың өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерге қол жеткізуін жақсартуға мүмкіндік береді.
 

Өзгелердің жаңалығы