Алматыда сәбиді құтқарған полицейге майор шені берілді

26 Тамыз 2022, 11:20
1531
Бөлісу:
Алматыда сәбиді құтқарған полицейге майор шені берілді

Алматыда дәретхана шұңқырына тасталған сәбиді құтқарған полицей марапатталды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін майор шенін алды.

Сол бұйрықпен лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда жасөспірім қыз дәретханада босанып, сәбиін тастап кеткен еді.

Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін оқиға орнына барып, тексеруді жөн көрдім. Басыма «бала қайда?» деген сұрақ келді. Қыздың анасынан оқиғаға дейін оның сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан іздерін тауып, ішінде жатқан баланы көрдім. Ол тыныс алып жатты. Осы кезде жедел тергеу тобы келді, оның құрамында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев болды. Дәретхананың еденінен тақтайларды тез алып тастадық. Әріптесім Ғазиз төменге түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алды, - деді Нұржан Шатунов.

Өзгелердің жаңалығы