Алматыда сабантой қалай аталып өтті?

19 Маусым 2023, 17:00
1419
Бөлісу:
Алматыда сабантой қалай аталып өтті?
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының ұйытқы болуымен Сабантой мейрамы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сахна төрінде сыбызғы-сырнайдың сазды әуені қалықтады. 

Алматыда сабантой қалай аталып өтті?

Алты сағатқа созылған сабантойда қонақтар татар-башқұрттардың ұлттық тағамынан дәм татты.

Алматыда сабантой қалай аталып өтті?

Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы - байтақ еліміздегі ұлттар татулығы. Сабантой қаладағы түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіретін дәстүрлі мейрамға айналған. Мереке татар халқының көп жылдық дәстүрлерімен таныстырып, ұлт достығын нығайта түсуге үлес қосады. Мереке, еңбек пен достықтың мерекесі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Татар-Башқұрт конгресі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Гриф Тимурұлы.

Шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардан қаз-қатар тізілген жәрмеңке қонақтар назарына ұсынылды. Балалар асфальтқа сурет салып жарысты. 

Алматыда сабантой қалай аталып өтті?

Еске салайық, «Сабан» деген сөздің өзі «соқа» деген мағынаны білдіреді. Бұл белгілі бір күнге жоспарланбаған мереке. Сабан туй (той) – татар, башқұрт халықтарының бұрыннан бері келе жатқан мейрамы. Бұл – Наурыз мерекесінен кейін көп шаруа біткен соң, шөп шабуға дейін жалғасатын мейрам.

Өзгелердің жаңалығы