Алматыда рұқсат етілмеген 2 қоқыс орыны анықталды

4 Желтоқсан 2021, 14:51
1332
Бөлісу:
Алматыда рұқсат етілмеген 2 қоқыс орыны анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда рұқсат етілмеген 2 апатты қоқыс орны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы мәлімдеді.

3 желтоқсанда Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының «Медеу МӨТП» КММ экология және қоршаған орта мониторингі бөлімінің, Алатау ауданы әкімі аппаратының, Алатау ауданының табиғат қорғау полициясының қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы Алатау ауданында Шапағат, Шаңырақ-2 шағын ауданында 2 апатты қоқыс орнын анықтады,-делінген хабараламада.

Шапағат шағын ауданында жер учаскесінің иесіне 20 АЕК көлемінде әкімшілік хаттама толтырылып, сондай-ақ учаскенің меншік иесіне 10 жұмыс күні ішінде қоқыс шығару туралы кепілдік хат берілген.

Екінші мекенжай бойынша Шаңырақ-2 шағын ауданында учаске иесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы