Алматыда робототехника мен дрондар бойынша чемпионат өтті

15 Желтоқсан 2023, 14:30
492
Бөлісу:
Алматыда робототехника мен дрондар бойынша чемпионат өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Tech Cup Almaty робототехника және дрондар бойынша IX ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чемпионатты Оқу-ағарту министрлігі және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Қызрғызстаннан 6-18 жас аралығындағы 2000-нан астам оқушылар мен студенттер қатысты.

Робототехника чемпионатында жас санаттарының үшеуінде де ю аймақтық мектептерінің оқушылары жеңімпаз атанды. FLL Explore кіші санатында (6-10 жас) Атырау облысы, Құлсары ауылының "Жылыой техник" командасы жеңіске жетті. FLL Challenge орта санатында (10-16 жас) Қарағандыдан келген оқушылар "JelToqSun" командасымен жеңіске жетті. FIRST Tech Challenge аға санатында (12-18 жас) бас кубокты Жаңаөзеннен "Rebels" командасы алды.

Чемпионат қонақтарының ерекше назарын отандық Smart Sarbaz бағдарламасы аясында дрондар бойынша жарыстары алды. Мұндай біріншілік Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып, 30-дан астам қатысушыны тартты.

Чемпионаттың жүлде қоры 10 000 000 теңгені құрады. Ақшалай сыйлықтардан басқа қатысушылар бағалы сыйлықтар, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға гранттары мен Үндістан, Кипр, Түркия және Индонезиядағы халықаралық чемпионаттарға лицензиялар алды.

Сондай-ақ, Tech Cup Almaty өткен көрме павильонының аумағында жасанды интеллект, зымыран құрылысы, биоинженерия, робототехника және басқа да пәндер аясында шеберлік сабақтары мен "Код сағаты" дүниежүзілік акциясы өтті. Іс-шара қонақтарының жалпы саны, қатысушыларды есептемегенде, мың адамнан асты.

Өзгелердің жаңалығы