Алматыда Республика сарайында мерекелік концерт өтті

7 Мамыр 2024, 15:31
376
Бөлісу:
Алматыда Республика сарайында мерекелік концерт өтті
Фото: gov.kz

Мәдениет қайраткерлері Отан қорғаушы мен Қарулы күштердің құрылған күніне орай концерт берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы – Алматы өңірлік гарнизонының бастығы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, Қарулы күштердің ардагерлері және қаланың барлық күш құрылымдарының әскери қызметшілері қатысты.

Көптеген жылдар бойы Қарулы күштердің әскери-оркестрлік қызметін басқарған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляковтың жетекшілігімен эстрадалық-симфониялық оркестр өз композицияларымен өнер көрсетті.

Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалы музыканттарының аспаптық нөмірлері, 38-ші Десанттық-шабуылдау бригадасының вокалистері, Мадина Сәдуақасова және басқа да әртістердің орындауындағы әндер көрерменнің қошеметіне бөленді.

Ал IL canto квартетінің орындауындағы бірінші қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алуға арналған "Сағадат" әнін зал тік тұрып тыңдады.

Өзгелердің жаңалығы