Алматыда ресейлік әншілердің концерті тоқтатылды

18 Қазан 2021, 19:28
14931
Бөлісу:
Алматыда ресейлік әншілердің концерті тоқтатылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда карантин талаптарын өрескел бұзған кәсіпкерлік нысан анықталды. Аталған мейрамхана 500-ге жуық келушіні қабылдап, ТМД-бойынша танылған әншілермен ережеге бағынбай, концерт өткізбек болған. Алайда мониторингтік топтар дереу іске кірісіп, іс-шараны тоқтатты. 

Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Мейрамханада бетперде режимі сақталмаған және ине шаншар орын болмаған. Мекеме қызметкерлері де тексеруші топқа қарсылық танытқанымен, еш нәтиже болмады.

Келушілердің айтуынша, жиналғандардың басым бөлігі белгілі әншілер Султан Лагучев пен Ислам Итляшевті көру үшін келген.

Белгілі болғандай, мейрамханада Султан Лагучев пен Ислам Итляшев сынды ресейлік әншілердің концерті болуы керек болған. Алайда тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтың алдын алып, барлық келушіні сыртқа шығарды.

Ал тәртіп бұзған мекеме басшылығына әдеттегідей хаттама толтырылып, жауапты органға жолданды.

Қаулы бойынша мұндай шараларда адам саны 50-ден аспауы қажет. Сондықтан қала кәсіпкерлерінен өтінерім санитарлық талаптарды бұзбай жұмыс істеңіздер. Қала тұрғындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарайық, – деді Алмалы аудандық Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Ерден Бейсембаев.

Айта кетейік, қала «қызыл» аймақта болғандықтан, мұндай тексеріс жұмыстары алдағы уақытта жалғаса береді.

Өзгелердің жаңалығы