Алматыда қызылшаға қарсы вакцинаны 50 мыңға жуық адам алды

20 Желтоқсан 2023, 11:19
455
Бөлісу:
Алматыда қызылшаға қарсы вакцинаны 50 мыңға жуық адам алды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

10 қараша мен 11 желтоқсан аралығында қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде барлығы 30 233 адам 10 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында қалада қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде барлығы 49 888 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 6052 бала, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар – 15 526, медицина қызметкерлері – 8414 және басқа жастағы бұрын қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмаған (вакцинация курсы толық емес) толықтыра иммундау бойынша 19 896 бала, - дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Айта кетейік, вакцинация тұрғылықты жері бойынша қаланың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы