Алматыда "Радужный берег" тұрғын үй кешенінің 12-қабатындағы балконнан 24 жастағы қыз құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға 12 желтоқсан күні таңертең болған. Түрксіб ауданының тұрғындары "Радужный берег" тұрғын үй кешенінің 12-қабатында балконда тұрған қызға назар аударғандарын айтты. Куәгерлердің сөзінше, оның шашы қызғылт түсті болған.
Мен таңғы 6:30-да сыртқа шықтым, көлігімді оталдырдым. 12-қабатта қызғылт шашты қыз тұрды. Оған қарап та қойдым. Ол бірде тұрды, бірде отырды. Біз үйге кіріп кеттік, қайта шықсақ, ол құлап кетіпті, – дейді оқиғаны көзімен көрген тұрғындардың бірі.
Тағы бір тұрғын бұл тұрғын үй кешенінде тәуліктік жалға берілетін пәтерлер көп екенін, ал 12-қабатта апатты шығу жолдары бар екенін атап өтті.
Мен 7:30-да сыртқа шықтым, көршім жалғыз тұр екен. Ол қыздың секіріп кеткенін айтты. Бізде камералар бар, оларды қарау керек. Мен үйге жүгіріп кіріп, жайма алып шығып, үстін жаптым. Балалар мектепке бара бастағандықтан, ешкім жақындамасын деп көршім сол жерде қалды. Өте кішкентай қыз. Бұрын көрген сияқтымын деп айта алмаймын. Ол өзі секірген сияқты. Біздің кешенде тәуліктік пәтерлер көп, не болғанын кім білсін. 12-қабат – авариялық шығу: біріншіден, оған көтерілу керек, екіншіден, темір балконға өту қажет. Ол жерден оңай құлап кету мүмкін емес. Көзге анық көрініп тұр, жасөспірім сол жерде қаза тапқан, – деді тұрғын үй кешенінің тағы бір тұрғыны.
Оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін редакция Полиция басқармасына сауал жолдады.
Бұл оқиға бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Бойжеткеннің жасы 24-те екені анықталды. Мән-жайлар анықталуда, - деп жауап берді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.