Алматыда құрбандық шалу құны қанша?

14 Маусым 2024, 15:16
4884
Бөлісу:
Алматыда құрбандық шалу құны қанша?
PHOTO
Фото: автордан

Құрбан айт мерекесіне екі күн қалды. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі мал бағасы мен сойылатын орындарды аралап қайтқан еді.

Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерден Құрбан айтта мал бағасын қолдан көтермеуді сұраған еді. Қалада мал бағасы тұрақты. Онлайн, офлайн сатып алу жолдары қарастырылған.

Қала базарларында қой бағасы 30 мың тегеден басталып, 150 мың теңгеге дейін барады. Тек қой сою бағасы 5-10 мың теңге аралығында, бас-сирақ үйіту 2500 теңге, ішек-қарын тазалау 2500 теңге тұрады. Алматыда санитариялық талаптар сақталуы үшін мал сату мен союға, таратуға арналған 14 арнайы орын бекітілді.

Алматыда құрбандық шалу құны қанша?

Мал бағасы 30 мың теңгеден басталады. Үлкен қошқарлар 150 теңгеден сатылады. Бізде 4 қора бар. Шамамен 500-ге жуық қойымыз бар. Мал бағасы тұрақты, былтырғы жылдан аса қатты қымбаттаған жоқ. Бізге қазіргі уақытта онлайн тапсырыс беріп, сойдырып етінін ала алады. Қойларды Жамбыл облысынан, Шу қаласынан алдырамыз. Сатып алатын адамдар жанымыздағы мал сойдыратын арнайы орыннан сойдырып, ішек-қарнын тазартып алуына мүмкіндік жасалған. Ол үшін ақы бөлек төленеді. Жыл сайын табысымыз тұрақты, отбасымызды бағып-қағуға жеткілікті, - дейді Бақтияр есімді саудагер.

Алты аудандағы 14 мешітте қазір арнайы қасапханалар дайындалып қойған. Ал құрбандықты мұқтаждарға беремін деген жандар үшін 54 мешітте етті сақтауға арналған қабылдау пункттері ашылып, мұздатқыштар қойылған. Тіпті кейбірінде малды уақытша ұстау орындары да қарастырылыпты.  

Алматыда құрбандық шалу құны қанша?

«Тау самалы» базарында тек қой ғана емес, ірі қара малдары да бар. Сатып алушының қалауына байланысты қарастырылған. 

Бізде қойлардан бөлек ірі қара да бар. Өздеріңіз білетіндей, екі жасар ірі қара малды жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады. Ал бір жасар қойды бір адам ғана шалады. Сол себептен де бізден тек қойды ғана емес, ірі қараны да алуға болады, - дейді саудагерлер.

Алматы қаласына малдар Алматы, Жамбыл облысынан, Түрген, Есік қаласынан әкелініп жатыр. Мұнда орташа баға 50-70 мың теңгенің көлемінде.

Алматыда құрбандық шалу құны қанша?

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарын қасиетті Құрбан айт мейрамы қарсаңында тамақтан уланудың алдын алу бойынша талаптарды сақтау керек екенін ескертті.

Әрбір ауыл шаруашылығы малына тиісті ветеринарлық құжаттары бар (ветеринарлық паспорт, ілеспе құжаттар, құлақшалар) малды сату және сою ветеринарлық қызметтің рұқсаты бар орындарда жүргізілуі керек. Іріңді жаралары мен жеңіл жарақаты бар адамдарды жұмыстан шектеп, тамақ пісіруге және ыдыс-аяқ жууға рұқсат бермеңіз. Тағамды пісіру технологиясын сақтау, дайын өнімдер үшін шикі етке арналған кескіш тақтайлар, пышақтар, ыдыстарды қолданбаңыз. Тез бұзылатын тағамдарды абайлап қолданыңыз, - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.

Айт намазы 16 маусымда Алматы қаласында таңғы сағат 6:00-де оқылады. Бұл амалдан соң жұрт құрбандық шалу рәсіміне кіріседі.

Алматыда құрбандық шалу құны қанша?
Алматыда құрбандық шалу құны қанша?
Өзгелердің жаңалығы