Алматыда қойма өртенді

17 Қараша 2023, 11:27
459
Бөлісу:
Алматыда қойма өртенді
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда қоймадағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

17 қараша күні Алматы қаласы ТЖД Түрксіб ауданы, Бекмаханова көшесіндегі, 2/16 үй мекенжайынан хабарлама келіп түскен.

Алдын ала болжам бойынша, қоймада өрт ошағы пайда болды. Көршілес қойма мен үй-жайларын өрттен қорғауға өрт оқпандары енгізілді. Өртті сөндірудің екі учаскесі құрылды. Атқарылған жұмыстың арқасында қойма аумағында орналасқан ағаштарға өрттің таралуына жол берілмеді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы