Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды

Тексеру барысында мылтықтың жеке қоймада сақталғаны анықталды.

11 Қазан 2026, 04:27
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 11 Қазан 2026, 04:27
11 Қазан 2026, 04:27
296
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматыдағы тұрғын алаптарының бірінде қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қаруды тәркіледі.

Тексеру барысында мылтықтың жеке қоймада сақталғаны анықталды. Оның иесі Астанада тұрады. Ал қойманы иесінің күйеу баласы сатып жіберген.

Жаңа қожайындар ғимаратты қоқыстан тазарту кезінде мылтықты қажетсіз заттармен бірге лақтырып жіберген.

Қазір оқиғаға қатысы бар адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Оның ішінде қаруды тиісті талаптарға сай сақтауға міндетті иесінің және оның қоқысқа тасталуына жол берген адамның жауапкершілігі қаралады.

Алматы полициясы тұрғындарға қырағылық танытқаны үшін алғыс білдірді. Құқық қорғау органдары күдік тудыратын заттар туралы дер кезінде хабарлау ықтимал қауіптің алдын алуға және оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретінін еске салады.

Наверх